Бізде Супермен жоқ

26 Наурыз, 2020 97 0

Superman- дегенде бірінші болып ойымызға келетіні Голливуд фильмдеріндегі қаһарман жігіттің бейнесі. Заман дамыған сайын адамдар да сол көштен қалыс қалмау үшін өздерін дамытуда. Бұл жағынан оқ бойы озық тұрған әрине, әйелдер қауымы. Оған күмәніңіз болмасын. Бүгінде ең мықты деген тренингтер, семинарлар мен мастер класстардың жілігін шағып, майын ішіп жүрген қыздарды көптеп кездестіреміз. Бұған сай қоғамда екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі дамуды, өзгеруді, алға жылжуды өзіне меже тұтқан әйелдерін қолдаса, ендібірі әйелдерінің үй жинап,  кір жуып, ас дайындап, балаларын бағып тыныш қана отырса дейді. Сонда біздің еркектер қауымына не жетіспейді? Жауап бәрі еліктеп соңынан ерер SUPERMAN жетіспейді неге? Неліктен? Супермен деген кім?

   1) Қазіргі таңда ер адамдардың сан түрлі тренингпен, мотивациялық семинарлардан төбесі көрінуі сирек ондай жерге барсаң үркердей үйіріліп отырған бірен-сараңын байқайсыз. Соған қарап біздің азаматтар тек бір бағытта бір жақты даму үстінде ме деп қаласыз.

   2)  Біздің жігіттерде кеуде мен жалған намыс басым, өзгемен бірігіп,  не өзгенің ақылын алуды ар санайды. Кезінде қалмақ қарғысшысының Абылай ханға айтқан сөзінде “өзің білме, білгеннің тілін алма”- деген қарғысы айналып бізгеде тиген секілді. Сондықтан бірінші бойыңыздағы эгоңызды басыңыз бұл әрине өзіңді өзгенің алдында қор санап, ез бол деген сөз емес. Заманың түлкі болса тазы болып қу демекші бой емес ой жарыстыратын, білмегеніңді үйреніп,  білгеніңді бөлісетін заман.

  3)  Бүгінгінің супермені кім ? Оған үміткер адам көп бірақ, лайық адам жоқ. Біздегі бизнесмен тек сол бизнесімен кеткен, ал спортшы спортымен , енді бірі дін жолымен, үшіншісі тек алған білімінен асып ештеңе айта алмайды. Ал бізге керек жан өнерде, спортта , білімде, саясат пен бизнесте болсын жұлып жеп өз орнын көрсете аларлық адам. Егер әр қасиетті жеке дара немесе бір-екеуін қосып қарастырсақ ондай үміткер жан жетеді. Бәрінің басын қосып алып жүрген жан жоқ.

   Сондағы айтпағым қазақтың жігіттері көбірек оқып, ізденіп, білім алып жан-жақты сегіз қырлы бір сырлы болса, мүмкіндіктердің қол жетімді заманында оны өз ойымен ұштастырса пайдасына жаратып, сәйкесінше қоғамға үлесін қосар еді.


Автор: Aqmairosh


Тегтер: супермен, жігіттер, ерлер, қазақ, әйелдер, қазақстан, әлем, жаңалықтар, қоғам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.