Жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары сперма донорынан 67 бала дүниеге келген

Еуропада Қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары сперма донорынан  алынған материалдан 67 бала дүниеге келген. Олардың оннан астамында қазір онкологиялық аурулар, соның ішінде лейкемия анықталды. Сперманың мутациясы Ли-Фраумени синдромына әкеп соғады — бұл онкологиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділік, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл биоматериалды Еуропалық сперма банкі ұсынған. Сперма 2008 жылы берілген, сол кезде мұндай мутацияның қатерлі ісікпен байланысы белгісіз болған. Донордың денсаулығы жақсы деп есептелген, ал мутация стандартты тесттерде анықталмаған.

Оқиғаға байланысты еуропалық шенеуніктер бір донордан дүниеге келетін балалар санына шектеу қоюды ұсынды. Олар бұл шара барлық донорлардың ДНҚ-сын толық зерттеу мүмкін болғанға дейін қолданыста болатынын айтты.