Әлем

Ауғанстанда билік 100-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді

Ауғанстанның шығысындағы Лағман провинциясының Алингар ауданында жергілікті билік халықтан тәркіленген музыкалық аспаптарды жаппай өртеу рәсімін өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мерекелік іс-шаралар кезінде тәркіленген жүзден астам барабан мен гитара өртенді.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, «соңғы бірнеше айдың ішінде түрлі мерекелік шаралардан кем дегенде 109 музыкалық аспап жиналып, кейін өртеніп кеткен». Шара елде Талибан қозғалысы билікке келгеннен кейін енгізілген қазіргі музыкаға тыйым салу аясында өтті.