Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде жоғары оқу орындарына, соның ішінде шетелдік университеттерге түсуге көмектесетін ұйымдардың қызмет сапасына қатысты шағымдардың көбейгеніне байланысты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Аталмыш ұйымдар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын оқу орындары болып саналмайды және сәйкесінше міндетті лицензиялауға жатпайды.
Азаматтарды білім беру қызметтерін таңдауда және шарттар жасасуда мұқият болуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда құзыретті органдардан кеңес алуға шақырамыз,- делінген мәлімдемеде