Шетелге көшкен қазақтар саны қанша?
Қазіргі уақытта әлем бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың саны шамамен 5–7 миллион адамды құрайды. Бұл деректер әртүрлі зерттеу орталықтары мен ұйымдардың мәліметтеріне негізделген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәселен, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, шетелдегі қазақтардың саны шамамен 6 миллионға жуық .
Этникалық қазақтардың ең көп шоғырланған елдері мыналар:
• Өзбекстан – шамамен 1,7 миллион
• Қытай – 1,25–1,5 миллион
• Ресей – 750 мыңға жуық
• Моңғолия – 100 мың
• Түркия – 25 мың
• Ауғанстан – 30 мың
Сонымен қатар, этникалық қазақтар Еуропа елдерінде, АҚШ, Канада, Иран және басқа да мемлекеттерде өмір сүреді.