1 грамы – 48 мың теңге: Алтын сатып алған тиімді ме?
Қазақстанда алтын бағасы қатты қымбаттады. Ұлттық банктің ресми бағамына сәйкес, бағалы металдың 1 грамы 48,7 мың теңгеге жеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ресми бағам бойынша алтын өткен жұмадағы 46,9 мың теңгеден 48,7 мың теңгеге жеткен. 3 күнде 1 грамы бірден 2000 теңгеге қымбаттады. Ал бір унция алтынның құны 1,5 млн теңгеден асады.
Бұл – рекордық көрсеткіш. 2023 жылдан бері бағасы көтеріліп келе жатқан алтын құны былтыр 40% қосты. 2024 жылдың көктемінде алтынның 1 грамы 31 мың теңге тұратын.
Бағалы металдың бағасы әлемдік нарықта да шарықтап, 1 унциясы 3000 долларға жақындап қалды.