Іс-шара барысында қазақстандық кинематографияны қолдау тетіктері, мәдени саясаттың негізгі бағыттары және «Қазақфильм» киностудиясының қазіргі қызметі сөз болды.
Брифингке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева, ҚР МАМ Мәдениет комитеті Кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали және «Қазақфильм» киностудиясының президенті Айдар Омаров қатысты.
Жиын барысында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» питчингтің екінші кезеңі бойынша нәтижелерді жариялады. Спикерлер саладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларға тоқталып, отандық киноның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын атап өтті.