Қазақстан ішімдікті ең көп тұтынатын үштіктің қатарына
Energyprom мәліметінше, алкоголь өнімін тұтыну жөніндегі жаһандық рейтингте Қазақстан 68-орынға жайғасты. Елде 15 жастан асқан орташа есептегі бір адам жылына шамамен 7 литр алкоголь ішеді. Оның ішінде әйелдер – 2,76 литр, ерлер – 10 литрден астам. Ал ТМД елдері арасында үштіктің қатарында, деп хкбарлайды newsroom.kz.
ТМД елдері арасында Ресей көш бастап тұр. Ол бұл көрсеткіш бойынша әлемде де бірінші орынға шыққан. Ал алкогольді ең көп тұтынатын өзге елдердің қатарында Грекия, Лесото, Мадагаскар мен Джибути бар. Ең төмен көрсеткіштер Люксембург, Судан және Йеменге тиесілі.
Қазақстаннан жоғары тұрған ТМД елдерінің қатарында Беларусь бар – әр адамға шаққанда 11,6 литр. Қалған елдерде тұтыну төменірек:
▪️ Молдова – 4,79 л
▪️ Армения – 4,28 л
▪️ Әзірбайжан – 2,49 л
▪️ Өзбекстан – 2,1 л
▪️ Түрікменстан – 1,26 л
▪️ Қырғызстан – 0,72 л
2024 жылы ішімдік ішетін әрбір қазақстандық орта есеппен 7400 теңге жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп.
Алкогольге ең көп қаржы жұмсаған өңірлер:
▪️ Шығыс Қазақстан облысы – 16,2 мың теңге
▪️ Алматы қаласы – 15,3 мың теңге
▪️ Қарағанды облысы – 13,9 мың теңге
▪️ Солтүстік Қазақстан облысы – 13,7 мың теңге
▪️ Павлодар облысы – 12,9 мың теңге
Ал ең аз шығын келесі өңірлерде тіркелген:
▪️ Қызылорда облысы – 1,3 мың теңге
▪️ Түркістан облысы – 1,5 мың теңге
▪️ Маңғыстау облысы – 1,6 мың теңге
2024 жылдың сәуірінде алкоголь бағасы орта есеппен 1,2%-ға қымбаттады. Ал өткен жылмен салыстырғанда өсім – 10%. Бір айда:
▪️ арақ – 0,9%-ға,
▪️ сыра – 1,2%-ға,
▪️ шарап – 1,5%-ға қымбаттаған.
Жыл қорытындысы бойынша барлық өңірде алкоголь бағасы өскен. Ең көп қымбаттау Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарында байқалды.