Жаңалықтар

Прокуратура даулы видеодағы адамдарды анықтайды – судья жеке қаулы шығарды

Кеше әлеуметтік желілерде сот процесіне қатысы бар белгісіз тұлғалардың екіұшты сипаттағы әңгімесін қамтитын бейнематериал таратылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Осыған орай сот жеке қаулы шығаруды қажет деп санайды.

Прокурор бейнематериалдың шынайылығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың әңгімесінің мазмұнын анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, іс бойынша шешімді тек сот қана қабылдайтынын еске саламыз.

Кез келген жорамалдар мен арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді.