Әлем

Сұмдық! Мексикада дизель зауытында жойқын жарылыс орын алды

The final spritzer

Мексиканың солтүстік-шығысындағы дизель зауытында бірнеше күшті жарылыс болды. Бір адам жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, 11 қызметкер қауіпсіз аймаққа көшірілді,- деп хабарлайды newsroom.kz   

BNO News хабарлауынша, оқиға Нуэво-Леон штатында орын алып, үлкен өртке ұласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстар әрқайсысының сыйымдылығы 10 000 литрден асатын кем дегенде 13 цистернаға зақым келтірген.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Оқиғаның себептері анықталуда; Құзырлы органдар техникалық ақауды да, адам қателігін де жоққа шығармайды. Мамандар жанғыш материалдардың тұтануының ықтимал экологиялық салдарын бағалауда.