Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Байден өлім ауызында

Ақ үйдің бұрынғы дәрігері Ронни Джексонның айтуынша, АҚШ президенті Джо Байденнің 12-18 ай ғана өмірі қалған болуы мүмкін. Оның сөзінше, Байденге сүйекке метастаза беріп үлгерген 4-ші сатыдағы қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Байден өлім ауызында

Бұл туралы ол Washington Free Beacon басылымына берген сұхбатында айтты. Джексон урология саласының мамандарымен кеңескенін айтып, олардың бұл дертке қатысты болжамдары аса ауыр екенін жеткізді. Дегенмен, ол ем нәтижелі болып, Байденнің өмірі ұзарады деген үмітін білдірді.

Джексонның айтуынша, бұл диагноз Байденнің ресми мәлімдеме жасағанына дейін-ақ белгілі болған болуы мүмкін, бірақ Ақ үй оны жарияламауды ұйғарған көрінеді. Ол 2019 жылы Байденнің емдеуші дәрігері Кевин О'Коннор қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы туралы айтқанын еске салды. Ол кезде дәрігер Байденде ешқашан қатерлі ісік болмағанын мәлімдеген еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату