Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Биткоин тағы да тарихи рекорд орнатты

Сандық активтер әлемінде тағы бір тарихи кезең тіркелді: биткоин бағасы 109 857 долларға дейін өсіп, жыл басынан бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабрлайды newsroom.kz.

Биткоин тағы да тарихи рекорд орнатты
MyFin.com

Мамыр айында құнсыздану кезеңін бастан өткерген криптовалюта бағасының қайта көтерілуіне жаһандық саяси жағдайдың біршама тұрақтануы себеп болған. Нақтырақ айтқанда, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленістің бәсеңдеуі негізгі фактор ретінде аталады.

Сонымен қатар, Америкадағы қарызға қатысты рейтингтің төмендеуі мен инфляция деңгейінің төмендеуі де цифрлық валюта нарығына оң әсер еткен.

Сарапшылардың айтуынша, ашық нарықтағы компаниялар иелігіндегі биткоин көлемі 31 пайызға артып, жалпы құны 349 миллиард долларға жеткен. Жыл басынан бері оның құны 11,5 пайызға өскен.

Криптовалюта бағасы алдағы уақытта да көтерілуі ықтимал. Себебі, АҚШ қазіргі таңда криптовалютаны дәстүрлі қаржы жүйесіне енгізу мәселесін заң жүзінде қарастыруда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату