Қазақстанда пранк жасайтындарға жаза қолданылуы мүмкін
Елімізде пранк жасап, жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Министрдің сөзінше, мұндай әрекеттердің сипатына қарай олар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі ықтимал.
«Әрбір оқиға жеке қаралады. Құқық қорғау органдары заң талаптарына сәйкес тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайды», – деді Сәденов.
Осылайша, әзіл деп басталған әрекет заң алдында жауап берумен аяқталуы әбден мүмкін.