Медицина

Дәрігерлер алғаш рет адам қуығын трансплантациялады

Бұл ота алғаш рет АҚШ-тағы Калифорния университетінің Лос-Анджелестегі Рональд Рейган атындағы медициналық орталығында жасалды. Қуықты алмастыру отасы зәр шығару мүшесінің қатерлі ісігінен аман қалған ер адамға жасалған.

Пациент — 41 жастағы америкалық Оскар Ларрайнсар. Бұған дейін оған екі бүйрегі толықтай алынып тасталып, қатерлі ісік диагнозынан кейін жеті жыл бойы үздіксіз диализ қабылдаған.

Ларрайнсардың қуық бөлігі қатерлі ісікке байланысты түгелге жуық алынған болатын. Қуықты трансплантациялау әдісі — нағыз медициналық серпіліс. Бұл бағыттағы зерттеу мен әзірлеу жұмыстары 2020 жылдан бері жүргізіліп келген.