Әлем

Әлемдегі ең үлкен айсберг – A23a мыңдаған бөлікке бөлініп жатыр

Мұзтаудың ауданы шамамен 3 мың шаршы шақырымға жуық – бұл Санкт-Петербург қаласының аумағынан екі есе үлкен. Қазір айсбергтің шеттері үгітіліп, ең ірі бөлініп шыққан бөлігіне A23c деген атау берілді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Айсбергтің бөлшектенуі кей мағынада пайдалы: мұзды плита суға қоректік заттар бөліп шығарады, бұл аймақтағы теңіз тіршілігінің сақталуына көмектеседі.

A23a алғаш рет 1986 жылы Фильхнер-Ронне мұздық шельфінен бөлініп шыққанымен, арада көп ұзамай таяз суға тұрып қалып, 30 жылдан аса қозғалмады. Тек 2023 жылы ғана ол Антарктидадан сырғып қозғала бастады. Алайда қазір тағы да Оңтүстік Георгия аралының маңында – адам тұрмайтын өңірде – қайтадан таяз жерге тіреліп тұр.