Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері әйелі мен қайын апасына пышақпен шабуыл жасаған қатыгез ер адамды іздестіруде деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті "Аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген 1982 жылғы Сұлтанғалиев Берік Тұрақбайұлына іздеу жарияланады ", - делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
37 жастағы ер адамның белгілері: бойы 175-178 сантиметр, орта денелі, беті сопақша келген, көзі көк, қысық, шашы қоңыр, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні көрген білгендер бар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: Ақтөбе облысы ПД кезекші бөлімі 936-100, 936-118, 936-225, 936-232, ұялы телефондар 8-775-680-58-88, 8-771-786-66-66, 8-776-546-66-66. Читайте больше:
https://kaz.nur.kz/1858160-jeli-men-kajyn-apasyn-pysaktagan-aktbelikke-izdeu-salyndy.html