Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды

26 Наурыз, 2020 110 0

Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Жедел штаб мәліметінше, науқастардың жасы 88-де және 73-те болған. Олардың пневмониясы расталып, оған сәйкес ауытқуы болған. Штабтағылар қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар оқшаулау режимін қатаң ұстануы керегін айтып отыр.

Коронавирус 170-тен аса елде анықталып отыр. ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 370 мың  адам ауру жұқтырған, 16 мыңы қайтыс болған.

Ресейде 658 адам COVID-19 жұқтырып, 29-ы айығып кеткен.

Ал Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін екі адамның айығып кеткені хабарланған.


Тегтер: Науқастар, карантин, қайтысболу, коронавирус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.