Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытай шенеуніктеріне қымбат ас пен ішімдікке дейін тыйым салынды

Жаңа қабылданған 63 баптан тұратын құжат мемлекеттік қызметкерлерге қатаң қаржылық тәртіпті міндеттейді. Енді олар ресми қабылдауларда деликатес тағамдар, ішімдік пен темекі ұсына алмайды. Қымбат сыйлықтар, сыйлық ваучерлері мен шетелде құмар ойындарға қатысу да — тыйым салынған, деп хабарлайды newsroom.kz Tiek телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қытай шенеуніктеріне қымбат ас пен ішімдікке дейін тыйым салынды
Фото: tiek

Мемлекеттік қызметкерге енді рұқсат етілмейді:
– қымбат қонақүй нөмірлерін жалдау,
– чартерлік рейспен ұшу,
– әуежайда салтанатты қарсы алулар ұйымдастыру,
– іссапар бағытын өз бетінше өзгерту.

Тіпті шетелдік ұйымдар арасында кәдесый алмасуға да шектеу қойылған.

Қытай әдеттегідей құр сөзбен шектелмейді — бұл талаптарды бұзғандарға нақты жаза қарастырылған. Мұндай шаралар бюджет шығындарын қысқартып, шенеуніктерді қарапайым өмір салтына қайтару үшін қолға алынған.

Бізде үнемдеу жайлы пікірталас болып жатса, Қытай нақты іске кірісіп кетіпті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату