Президент: «Қазақастандықтар көбірек кітап оқуы керек, ал кәсіпкерлер театр салуға атсалысуы тиіс»
21 мамыр – Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осы мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел руханиятына үлес қосып жүрген барша мәдениет және өнер қайраткерлерін құттықтады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Мәдениет қызметкерлерімен кездесуде Президент өңірлерде театрлар ашу және Қазақстанды «оқитын ұлтқа» айналдырудың маңызын атап өтті.
«Біз – Ұлы даланың бірегей мәдениетінің тікелей мұрагеріміз. Қазақ жерінде дүниеге келген теңдесі жоқ туындылар ұлттық бірегейлігіміздің қалыптасуына зор үлес қосты. Бүгінде төл мәдениетіміз жаһандық деңгейде мойындалып жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, былтыр елде 45 жаңа мәдени нысан ашылған. Ол музейлерді де ескеріп, Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіретін ортақ цифрлық платформа құру бастамасын қолдады.
Сондай-ақ, Ақорданың хабарлауынша, жас жазушыларға арналған арнайы Президенттік сыйлық та тағайындалған.
Алайда, мәдениет қайраткерлерін қолдау туралы бастамалар жасалған сәтте бұл саладағы жағдай көңіл көншітпейтін көрінеді.