Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тыл ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тыл ардагеріне құрмет көрсетті.
Мерекелік кездесудің басты кейіпкері — 90 жастағы ардагер. Ол – соғыс жылдарындағы ауыр еңбек пен қиындықтың куәгері, тарихтың тірі шежіресі.
Ардагерге естелік сыйлықтар табысталып, Жеңіске адалдығы мен ерен еңбегі үшін алғыс білдірілді. Іс-шараға салтанатты сипат беру үшін Ұлттық ұлан взводы әскери марштар орындады.
Ерлік, борыш пен ар-намыс – ардагердің өмірлік ұстанымдары. Ол бүгінде мызғымас рух пен Отанға деген адалдықтың символына айналып отыр.