Сұмдық! Түркияда зауыттан алапат өрт шықты
Түркияның Мерсин провинциясының Торослар ауданында дыбыс және бейне жүйелерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және өрт сөндірушілер жіберілді.
Жақын маңдағы көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды, кей жерлерде жарылыс дыбыстары естіледі.
Өртті ауыздықтау жұмыстары жалғасуда.