Әлем

«Біз бәрін жоямыз»: Израиль Газа секторын толық басып алу ниетінде

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху палестиналық «ХАМАС» қозғалысына қарсы «болмаған шабуылдың» басты мақсаты — Газа секторын толық оккупациялау екенін мәлімдеді.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, премьер-министр наурыз айының басында шектелген гуманитарлық көмекті Газада қайта жандандыруға уәде берді. Оның айтуынша, бұл ХАМАС-ты тұтқындарды босатып, берілуге итермелеуі мүмкін.

Израильдің қаржы министрі, ультраоңшыл «Діни сионизм» партиясының өкілі Безалель Смотрич те Израильдің түпкі мақсаты — Газа секторын толық иелену екенін айтты.

«Бұл жолғы операция мүлде басқа тәсілмен жүріп жатыр. Бұрынғыдай шектеулі рейдтер емес, нақты басып алу, тазалау және ХАМАС толық жойылғанша аумақты ұстап тұру. Жолай Газа секторында қалғанның бәрін жоямыз», — деді Смотрич.

Екі күн бұрын Израиль Газа секторына жаппай шабуыл бастаған.
«Гедеонның арбалары» деп аталған бұл әскери операция 2023 жылдың қазан айында ХАМАС Израиль шекарасындағы аймақтарға шабуыл жасағаннан кейін басталған әскери кампанияның соңғы кезеңі ретінде қарастырылып отыр.