ChatGPT бас директоры: AI адамдарды алмастыра алмайды
Жасанды интеллектті (AI) пайдалану шынайы адамдармен байланысты алмастыра алмайды. Мұндай пікірді OpenAI әзірлеген ChatGPT өнімінің басшысы Ник Турли мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
"AI адамдарды алмастырмауы керек, керісінше олардың мүмкіндіктерін толықтыруы керек. Мен жасанды интеллекттен достық пен қарым-қатынас іздемеймін. Керісінше, ChatGPT мені өнімдірек етеді және маған көбірек уақыт береді, содан кейін оны достармен өткізе аламын", - деді ол Süddeutsche Zeitung газетіне.