Қаржы

Елімізде бір биткоин өндіруге қажет электр қуатының құны – 32 400 доллар.

Қазақстанда бір биткоин өндіруге қажет электр қуатының құны – 32 400 доллар, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ресейде – 39 730 доллар,
Өзбекстанда – 15 230 доллар,
Қырғызстанда – 8 600 доллар.

Бүгінгі күні 1 BTC шамамен 104 мың долларға бағалануда.

Орта есеппен бір биткоин өндіру үшін 6,4 миллион киловатт-сағат электр энергиясы қажет.

Майнингке арналған тарифтерге байланысты биткоин өндірудің өзіндік құны айтарлықтай өзгереді. Мысалы, Иранда 1 BTC өндіру – 1 324 доллар ғана, ал Ирландияда бұл көрсеткіш 321 112 долларға дейін жетеді.