Singapore Airlines қызметкерлерінің сыйақысының құны белгілі болды
Singapore Airlines қызметкерлері жеті айлық жалақысына тең сыйақы алады,- деп хабарлайды newsroom.kz
FL360 мәліметтері бойынша, компания қаржы жылында рекордтық таза табыс 2,78 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық.
Нақтырақ айтсақ, сыйақы жалақының 7,45 есесін құрайды. Өйткені компания жолаушылар ағынын үнемі арттырып отырады.
«SIA және оның еншілес компаниясы Scoot биылғы жылы 36,4 миллион жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,6 пайызға көп», - деп жазады басылым.