Алматының провизорлық емханадасындағы 222 адамда коронавирус жоқ

26 Наурыз, 2020 52 0

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы провизорлық стационарда жатқан адамдардың денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz. 

«Бүгінде Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасында (провизорлық емхана) 222 адам жатыр. Бұл жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар. Әзірге олардың барлығының талдауы коронавирус жоқтығын көрсетіп отыр. Бұл орталыққа адамдарды ұшақтардан түсіріп алып кіргізген. Мұнда басым көпшілігі Қазақстан азаматтары, АҚШ, Бельгия, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары да бар. Көпшілігі ер адамдар, арасында әйелдер, балалар, жүкті әйелдер де бар», - деді аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. Олардың денсаулығын 314 қызметкер бақылап жатыр. Алматыда қалуға ниет білдірген қызметкерлерге Қыздар педагоикиалық университеті 200 орындық жатақханасын ұсынды. «Ауруханада жатқан адамдар дені сау адамдар. Бірақ талдау нәтижесін қобалжумен күтеді. Олардың барлығын тыныштандырып, сөзбен жұбатуға тура келеді. Қазір медицина саласы бұрын соңды болмаған сын сағатты басынан кешіріп жатыр. Бізге тәулік бойы жұмыс жасауға тура келіп жатыр. Таңнан кешке дейін обаға қарсы костюм киюге тура келеді. Өте ыңғайсыз екені рас», - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Мағаз Мұқашев. Ал бұл ауруханада мұның алдында түскен науқастардың барлығы қаладағы басқа ауруханалардың стационарларына таратылып жатқызылды.



Тегтер: алматы, коронавирус, жаңалықтар, қоғам, қазақстан, әлем, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.