Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан бойынша күн суық

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жексенбі, 18 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. "Құралайдың салқыны" басталғанға ұқсайды. Кейбір аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Астанада – ауыспалы бұлт, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +15...+17°C.
Алматыда – ауыспалы бұлт, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 3-8 м/с, найзағай кезінде 18-23 м/с. Түнде де, күндіз де +23…+25°C.
Шымкентте – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда – аздаған бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.
Ақтөбеде – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +21…+23°C.
Атырауда – аздаған бұлт, жауын-шашынсыз, жел түнде 5 м/с, күндіз 7-12 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
Жезқазғанда – ауыспалы бұлт, дауыл, жел 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-23 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +17...+19°C.
Қарағандыда – ауыспалы бұлт, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 8-13 м/с, күндіз екпіні 17 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C.
Көкшетауда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +14…+16°C.
Қонаевта – ауыспалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 9-14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +24…+26°C.
Қостанайда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +16…+18°C.
Қызылордада – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл, жел 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +25…+27°C.
Павлодарда – ауыспалы бұлт, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +16…+18°C.
Петропавлда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +15…+17°C.
Семейде – ауыспалы бұлт, жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Талдықорғанда – ауыспалы бұлт, жаңбыр, найзағай, жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +21…+23°C.
Таразда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +26…+28°C.
Түркістанда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, кей жерлерде шаңды дауыл, жел 8-13 м/с, екпіні 15-23 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +26...+28°C.
Оралда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +23…+25°C.
Өскеменде – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 18-23 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +35…+37°C.