АҚШ-та орын алған дауыл 16 адамның өмірін жалмады

Жойқын дауыл Американың Миссури мен Кентукки штаттарында болды. Салдарынан 16 адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz
The New York Times газетінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, Кентукки штатындағы Лорел округінде тоғыз адам қаза тапты. Миссури штатының Сент-Луис қаласында бес адам, Скотт округінде тағы екі адам қайтыс болды.
«Жұма күні Миссури мен Кентуккиді шарпыған торнадо кем дегенде 16 адамның өмірін қиды, тағы ондаған адам жарақат алды», - делінген мақалада.
Мәліметтер бойынша, Сент-Луистегі 5 мыңға дейін үйді зақымдаған. Қаланың ауруханалары бірнеше ондаған зардап шегушіні жатқызды, бір баланың жағдайы ауыр.