Карантинде "қалып қойған" күйеуінің Алматыда тоқалы бар екенін білген

25 Наурыз, 2020 9113 0

Алматыға іссапарға барып, карантиннен шыға алмай қалған күйеуінің әрекетіне күйінген келіншек NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісіне сырын айтты. Өзін Жансая деп таныстырған ақтаулық келіншектің тұрмыс құрғанына 20 жылдай болған. 

Мұнай-газ саласында жұмыс істейтін жолдасы іссапармен Алматыға жиі кететін көрінеді. Күйеуі 1-2 аптаға дейін аралыққа кетсе де, Жансая осы уақытқа дейін ешқандай күдіктенбепті. 

Тек осы жолы, карантин уақыты алдын-ала жарияланса да, билет алуға әрекеттенбеген күйеуінің қылығы күдік тудыртады. "Алматы карантинге жабылып қалды" деген сылтаумен оңтүстік астанада қалып қояды. Карантин басталғанның ертесі күні-ақ әйелдің телефонына отбасылық есепшоттан қомақты сома алынғандығы жөнінде хабарлама келеді. Одан әрмен қызығушылығы артқан әйел күйеуіне айтпай, ақшаның қайда жұмсалғандығына қызығады. Тексертіп көрсе, үлкен қаражатқа алынған зат гауһар тасты неке сақинасы болып шығады.

Ең қызығы, арадан көп уақыт өтпей Жансая гауһар әшекейлер сататын дүкеннің инстаграм парақшасын тауып алады. Сәйкесінше, бар ынта-жігерімен зерттеп отырып, қымбат сақинасын таққан жас қыздың "сүйіктіме рахмет" деген жазбасы бар, дүкенді белгілеген фотосын тауып алады. Фотодан өз күйеуін жазбай таныған Жансая, карантин уақыты аяқталса, жиырма жыл отасқан жолдасынан ажыраспаққа бел байлап отыр.  


Тегтер: Карантин, әйел, ер, отбасы, тоқал

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.