Көшпенділер ойындары: Қырғыз күресінен қос күміс

04 Қыркүйек, 2018 932 0

Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен  (Алыш) Қазақстанның әйелдер құрамасы екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Newsroon.kz  ақпарат агенттігі. 
Қырғыздың белбеу күресінде (Алыш) әйелдер арасында  55 келі салмақта Ақжол Қайыпқан, 60 келі салмақта Ұлжан Дюсембаева қола медаль еншіледі. Финалға жолдама алған қос аруымыз қарсыластарынан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. 65 келі де Арайлым Ханзада қырғыз балуаны Нұрзат Бақтиярқызына жол берсе, 70 келі салмақта күрескен Перизат Жақыпбекова латвиялық Гедутите Реналдадан айласын асыра алмады. 
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнінде Қазақстан құрамасы қырғыз күресімен қатар, армрестлинг және масс рестлинг сияқты  спорт түрлерінен сайысқа араласты.

Көшпенділер ойыны 2-8 қыркүйек күндері аралығында Қырғызстанның Шолпон-ата қаласында өтеді. Спорттық шараға әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы атлеттер қатысуда. Байрақты бәсеке де 130-дан астам спортшы ел намысын қорғайды.

Өз тілшімізден

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.