Мектептерде соңғы қоңырау қашан соғылады?
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады, деп хабарлайды newsroom.kz.
1 және 11-сыныптар үшін 23 мамырда бірыңғай форматта сынып сағаттары өтеді.
Салтанатты соңғы қоңырау шаралары мектеп әкімшіліктерінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда мектеп қабырғасында ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шаралардың мазмұны мен форматын әр мектеп өз бетімен бекітеді.
Сонымен қатар, 9 және 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихан күндері де белгілі болды:
9-сыныптар: 29 мамыр – 10 маусым аралығында
11-сыныптар: 30 мамыр – 16 маусым аралығында
Балалар үшін жауапты кезең басталды — сәттілік тілейміз!