Әлем

БАҚ: Ауғанстан TikTok қолданушыларын жаппай қамауға ала бастады

Ауғанстанда заңсыз әрекет жасады деп айыпталған әлеуметтік желілер мен ойын платформасын пайдаланушыларды қамауға алу басталды. Бұл туралы Khaama порталы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұған дейін Республиканың Ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі әлеуметтік желілерді «әдепсіз және заңсыз мақсаттарда» пайдаланудың құқықтық салдары болатынын ескерткен болатын. Қарастырылып отырған қолданбалар Ауғанстанда 2023 жылдан бері «жастарды адастырған және сыбайлас жемқорлыққа жол бергені» үшін тыйым салынған TikTok және PUBG.