Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыдан Сианьға – пойызбен! Қазақстан мен Қытай арасында жаңа бағыттар ашылады

Астанада өтіп жатқан Қазақстан–Қытай бірінші көлік форумының аясында Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев пен Қытайдың көлік министрі Лю Вэй кездесті. Форумға екі елдің көлік-логистика саласындағы 300-ден аса бизнес өкілдері қатысуда, деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматыдан Сианьға – пойызбен! Қазақстан мен Қытай арасында жаңа бағыттар ашылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі тараптардың мына мәселелер бойынша келісімге келгенін хабарлады:

▪️ Ресей – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша мультимодальды транзиттік дәліз құру. Бұл үшін трансшекаралық Ертіс және Іле өзендері арқылы өзен көлігі қатынасын пайдалану жоспарланған. Атап айтқанда, Қонаев қаласынан (ҚР) Қытайдың Инин қаласына (КХР) дейін су жолы ашылады.

▪️ «Майқапшағай – Зимунай» шекара бекетінде ауыр жүк көліктеріне арналған жаңа көпір салу.

▪️ Үшінші әуе дәлізін ашу.

▪️ Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарын Қытаймен байланыстыратын екі жаңа автокөлік өткізу бекетін ашу.

▪️ Алматы – Сиань бағытында жолаушылар пойызын іске қосу және апталық әуе рейстер санын 65-ке дейін арттыру.

Сонымен қатар, Ақтау портында Қытай компаниясымен бірлесіп контейнерлік хаб салынуда. Бұл порттың өткізу қабілетін 140 мың ДФЭ-ден 240 мың ДФЭ-ге (ДФЭ — жиырма футтық эквивалент) дейін арттырады. Жоба осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Ақтау портында теңіз көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін Достық – Мойынты аралығында қос жол салынып, Алматы станциясы айналма жолының құрылысы аяқталмақ. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын жылдам әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату