Трамптың туған күні мен АҚШ армиясының 250 жылдығына арналған әскери парадтың құны белгілі болды
14 маусымда өтетін АҚШ армиясының 250 жылдығы мен АҚШ президенті Дональд Трамптың туған күнін мерекелеуге арналған әскери парад өткізу құны 25 пен 45 миллион доллар аралығында болады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, парадқа АҚШ армиясының 6600 сарбазы, 50 ұшақ және 150 жерүсті техникасы қатысады.
Айта кетелік, 14 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп 79 жасқа келеді.