Жаңалықтар

Ресейде фабрика өртеніп, 100 мыңнан астам құс тірідей жанды

Астрахань облысындағы құс фабрикасында шыққан өртте жүз мыңнан астам құс тірідей жанып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Зауыттағы өрт 15 мамыр күні таңертең белгілі болды. Куәгер түсірген видеода өндіріс орнының үстінде қою түтіннің бұрқасын көруге болады.

Өртті сөндіруге 25 адам мен сегіз техника жұмылдырылған.