Жаңалықтар

Сұмдық! Мексикадағы ірі жол апатынан 20-дан аса адам қаза болды

Мексиканың Оаксака мен Пуэбла штаттарын байланыстыратын тас жолда көлік апаты салдарынан кемінде 21 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Пуэбла ішкі істер департаментінің директоры Самуэль Агилар Пала жергілікті уақыт бойынша түскі уақытта орын алған апатқа жүк көлігі, фургон және жолаушылар автобусы қатысқанын айтты.

Әзірге билік апаттың ықтимал себептерін түсіндірмеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жол апаты жүк көлігі басқа көлікті басып озуға әрекеттеніп, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусқа, сосын микроавтобусқа соғылған.