Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға арналған ең арзан елдердің қатарында
Budget Your Trip, Kayak.com, Booking.com және HelloSafe деректеріне негізделген жаңа Visual Capitalist рейтингіне сәйкес Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға ең қолжетімді елдердің үштігіне енді және әлемде екінші орынға шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы travelpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Салыстыру үшін:
Лаос - күніне 15 доллар
Қазақстан – 19 доллар
Руанда - 21 доллар
Армения – 23 доллар
Моңғолия – 24 доллар
Грузия - 27 доллар
Мұнда ең қымбат бағыттардың тізімі берілген:
Барбадос - 330 доллар
Антигуа және Барбуда - 310 доллар
Сент-Китс және Невис – 271 доллар
Мальдив аралдары - 267 доллар
Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда Барбадоста бір күнде жұмсайтын сомаға бір апта өмір сүруге болады.