Іс-шара барысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Андабеков Жеңіс құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері Айдын Кәлімхан мерекеге қатысып, аналарға жүрекжарды тілегін білдірді.
Мерекелік шара аясында көрермендер назарына әсерлі «Ана» драмасы ұсынылды. Көркем қойылым ананың мейірімі мен рухани күшін терең бейнелеп, көпшіліктің жүрегінен орын алды.Шараға әр аудан, қалалардан Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.