2018 жылы Сыздықовтар отбасы – анасы Уртай Сыздықова, әкесі Валихан Сыздықов, ұлы Бақытжан Сыздықов және келіні Нұргүл Сыздықова – Tengri Bank банкінен 417 732 976 теңге несие алған. Қарыздың қамтамасыз етуі ретінде олар екі жер телімін (40 және 70 сотық) кепілге қойған. Несие "Pro Building" ЖШС-нің атына рәсімделген, оның жалғыз құрылтайшысы әрі директоры – үлкен ұлы Шоқан Сыздықов.
Міндеттемелер орындалмағандықтан, банк 2024 жылдың 12 наурызында бұл жер телімдерін аукционға қойған. Отбасы мүшелері аукционға қоюға жазбаша келісім берген. Саудада 70 сотық жер телімі жеке тұлға – Алмат Ж.-ға 817 000 000 теңгеге сатылды. Жаңа иесі толық соманы төлеген.
Алайда жер сатылғаннан кейін сот даулары басталды. Валихан Сыздықов күтпеген мәлімдеме жасап, зайыбы Уртай Сыздықоваға кепілге қоюға келісім бермегенін айтты.
Енді Tengri Bank-тің тарату комиссиясы бұл істегі сот шешіміне қарсы шағымданып отыр. Банк барлық рәсім электронды аукцион арқылы заңды түрде өтті деп есептейді.
Алайда бірінші инстанция соты Уртай Сыздықованың пайдасына шешім шығарды. Ол бірнеше жылдан кейін ешқандай келісім бермегенін айтып, жерді заңсыз кепілге қойылған деп танытты. Апелляциялық шағымда банк сарапшылардың қателігі, нотариалды бекітілген құжаттар және талап қою мерзімінің өтіп кеткенітуралы дәлел келтіріп отыр.
Егер бірінші соттың шешімі күшінде қалса, өте қауіпті заңдық прецедент қалыптасуы мүмкін. Бұл келесідей "схеманы" заңдастырады: кепілге қойып, несие аласың, төлемейсің, бірнеше жыл күтесің де, "мен ештеңеге қол қоймадым" деп сот арқылы мүлікті қайтарып аласың.