Жаңалықтар

Сұмдық! Қытайда жантүршігерлік жер сілкінісі орын алды

12 мамырға қараған түні Қытайда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің ошағы шамамен 80 мың адам тұратын Шигацэ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 124 шақырым жерде орналасқан.

Апат ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.