Жаңалықтар

БАӘ инвесторлары Қазақстанда екі жел электр станциясын салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметімен жел электр станцияларын салу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz Ақорда баспасөзіне сілтеме жасап.

Жоба аясында Жамбыл облысында жалпы қуаты 1 гигаватт болатын екі жел электр станциясы салынады. Жел парктері энергия сақтау жүйелерімен және тиісті инфрақұрылыммен жабдықталады.

Кеше Астанаға Абу-Даби мұрагер ханзадасы ресми сапармен келді.