Биылғы жылдың ең бай 5 кәсіпкері
Forbes Kazakhstan Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Тізімге енген байлардың жалпы дәулеті 57,5 миллиард долларды құрады. Орташа жасы — 55 жас, ал әрқайсысының орташа байлығы — 767 миллион доллар.
2025 жылғы ең дәулетті 5 қазақстандық миллиардер:
Вячеслав Ким — $7,1 млрд (Kaspi, Jusan Bank)
Тимур Турлов — $5,8 млрд (Freedom, телеком, инвестициялар, авиация)
Владимир Ким — $5,7 млрд (Kazakhmys, металл өндірісі, Bank RBK)
Тимур Құлыбаев — $5,3 млрд (Halyk Bank, құрылыс, энергетика)
Динара Құлыбаева — $5,3 млрд (Halyk Bank-тің тең иесі)
Қазақстан бүгінде долларлық миллионерлер саны ең тез өсіп жатқан елдердің үштігіне сенімді түрде еніп отыр.