Жаңалықтар

Билл Гейтс 2045 жылға қарай бар байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ

Алдағы 20 жыл ішінде кәсіпкердің Bill & Melinda Gates Foundation атты қайырымдылық қоры 200 миллиард доллардан астам қаржы жұмсамақ. Дегенмен, нақты сома нарық пен инфляцияға байланысты болатынын Microsoft компаниясының негізін қалаушысы мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Байлығын сақтап өлген адам — ұятпен өледі. Сондықтан мен өз ақшамды қоғамға бастапқы жоспарымнан да ертерек қайтаруды жөн көрдім», — деді миллиардер.

Билл Гейтс биыл қазан айында 70 жасқа толады. Қазіргі таңда оның байлығы 108 миллиард долларға бағаланып отыр. Ол Microsoft компаниясын 1975 жылы курстасы Пол Алленмен бірге негізін қалаған.