Талдықорғанда J-League жобасы аясындағы спорттық жарыстар жалғасуда
Облыс орталығы Талдықорғанда сәуір айында бастау алған J-League жобасы аясында мектеп оқушылары арасында футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерінен турнирлер жалғасуда,- деп хабарлайды newsroom.kz
Осыған орай, 3–4 мамыр күндері футбол, волейбол және баскетбол бойынша тартысқа толы жарыстар өтіп, үздік командалар мен ойыншылар марапатталды.
Шараның басты мақсаты — балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау.
Айта кетейік, J-League жобасы аясында өтіп жатқан спорттық додаға өңір бойынша 887 команда тіркелген.