weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 мамыр, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп ауқатты американдықтарға салынатын салықты көтеру туралы шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп ауқатты америкалықтарға салынатын салықты 37 пайыздан 39,6 пайызға дейін көтеруді ұсынды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Трамп ауқатты американдықтарға салынатын салықты көтеру туралы шешім қабылдады

The New York Times басылымының хабарлауынша, Трамп өзінің бірінші мерзімінде байлар үшін салықты көтеруге қарсы болып, оны 37%-ға дейін қысқартты. Жарнаны жылдық табысы 2,5 миллион долларды құрайтын америкалықтар, сондай-ақ кем дегенде 5 миллион доллар табысы бар ерлі-зайыптылар төлейді.

Енді Трамп салықты азайтуды ұзарту туралы заң жобасын талқылау кезінде шекті көтеру туралы шешім қабылдады. Сарапшылардың болжамы бойынша, алымның артуы АҚШ бюджетіне 10 жыл ішінде 67,3 миллиард долларды тартады.

АҚШ-тың Сауда министрі Ховард Лутник мұның кейбір салалардағы жұмысшылар мен зейнеткерлердің ақыларын азайтатынын түсіндірді. Бірақ бұл пікірді Конгресстегілердің бәрі бірдей қолдамайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→