Аймақтар

Жалғыз ардагердің үйінінің алдында әскери шеру өткізген

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, гарнизон әскери қызметшілері және күштік құрылым өкілдері 101 жастағы Нина Мосунова мен 99 жастағы Мұраталы Төлепбергенұлын құттықтады, деп хабарлайды  newsroom.kz.

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соғыстың соңғы куәгерлеріне гүл шоқтары, сыйлықтар, жеміс себеттері табысталды. Қала әкімінің қолынан ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары табысталып, Мемлекет басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хаттары оқылды.

Майдангерлерге құрмет ретінде үйлерінің алдында жеке шағын әскери шерулер ұйымдастырылды.