Қазақстандықтар Қырғызстаннан эвакуацияланды

25 Наурыз, 2020 57 0

Қазақстан азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңға дейін Қырғызстан Республикасында болған қазақстандықтар өз Отандарына эвакуацияландыдеп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі.

Аталмыш эвакуация коронвирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүргізілді. 

Қазақстан Әскери-әуе күштері, әскери көлік авиациясының күшімен 21 азамат оның ішінде 10 бала елге оралды.  Эвакуацияланғандар Қырғызстанда емделулеріне байланысты болғандықтан келе алмаған. 

Айта кету керек, эвакуацияланғандар арасында короновирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ. Денсаулық жағдайдары жақсы, шағымдары болмаған. Барлық келген адамдар тиісті медициналық тексерістен өтіп, инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес карантинге жіберіледі. 

Эвакуацияланған азаматтардың туыстары мен жақындарына келгендігі туралы хабарланып, олар карантин кезеңінің ережелерімен танысады. 

Бұдан бөлек, Атырау қаласының әуежайына келгеннен кейін әскери ұшаққа санитарлық өңдеу жүргізілді.



Тегтер: қазақстан, қырғызстан, бішкек, эвакуация, жаңалықтар, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.