Жаңалықтар

Алматы тауларында студент қызды тас басып қалды

Горельник маңындағы сарқырамаға жақын жерде қайғылы оқиға болды. Марқұмның таныстарының айтуынша, оған биіктен тас құлап түскен. Ауыр жарақат алған бойжеткен оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Марқұмның Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген студент екені анықталды.

Бұл деректі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген ресми хабарламада.