Алматыда карантин ережелерін бұзған 39 адам қамалды

25 Наурыз, 2020 131 0

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сай ына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлаған. 

Ведомство мәліметінше, шекарадан 73 адам өтіп кеткен, 11 кәсіпкерлік субъекті жауапкершілікке тартылды.

"Карантин режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 84 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 39-ы қамауға алынды. Мысалы, 2020 жылдың 23 наурызында карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П. есімді адам екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді қала прокуратурасының өкілі. 

Сондай-ақ, құжаттарсыз және жоғары бағаға медициналық маскаларды сатқан 9 дерек анықталғаны туралы хабарланды.

Тегтер: Шекара, тәртіп, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.