Жаңалықтар

Қытайда қайық аударылып, 10 адамның денесі табылды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында серуендеу қайықтары аударылып, он адам қаза тапты, тағы 70 адам әлі емделіп жатыр, төртеуі зардап шеккен жоқ,- деп хабарлайды newsroom.kz

Еске салайық, 4 мамырда күндіз Гуйчжоу провинциясының Цянси қаласында кенеттен соққан қатты желдің салдарынан өзендегі төрт қайық аударылып, 84 адам суда қалды.